Қоғам

Қазақстанда былтыр 1,3 млн адам әлеуметтік төлем алды

Қазақстанда былтыр 1,3 млн адам әлеуметтік төлем алды

Былтыр мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан шамамен 1,3 млн қазақстандық 750,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 70%-ке көп. Еңбекке қабілеттіліктен айырылған 100 мыңнан астам адам былтыр 38,7 млрд теңге әлеуметтік көмек алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27%-ке көп. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 47 445 теңге.Өткен жылы асыраушысынан айырылған 64,3 мың отбасыға 26,8 млрд теңге сомасында берілді, бұл 2022 жылғы сомамен салыстырғанда 26%-ке артық. Бұл төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері — 51 574 теңге.»Ал жұмысынан айырылған 224,1 мың адамға 49,9 млрд теңге төленді. бұл 2022 жылғы алушылар санынан 2 есе артық. Бұл төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері шамамен 60 мың теңге», — деп жазды министрлік.Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған 287,5 мың адам былтыр 348,2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды, бұл 2022 жылғы әлеуметтік төлеммен салыстырғанда шамамен 2 есе көп, деп жазды ведомство.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»