Спoрт

Қазақстандық Полина Омельчук Канвондағы Олимпиадада қола жүлде алды

Қазақстандық Полина Омельчук Канвондағы Олимпиадада қола жүлде алды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшысы — 16 жастағы Полина Омельчук 1000 метр қашықтықта қола жүлдені жеңіп алды.Қазақстандық желаяқ өзіне туған күніне сыйлық жасады десе болады. Себебі Полина ертең 17 жасқа толады.Жер шарындағы ең мықты жас шорт-трекшілермен табанды тартыста Полина жеңіс тұғырына көтеріле алды.Ол екі қытайлық спортшыдан аздап есе жіберіп қойды.1000 метрге жарыстың финалында қытайлық Ли Жинзи алтынды жеңіп алды — 1:40.803. Оның отандасы Янг Жингру 1:40.996 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанса, Полина Омельчук 1:41:600 нәтижемен қола жүлдегер атанды.© Photo : Пресс-служба министерства туризма и спорта Полина ОмельчукПолина Омельчук© Photo : Пресс-служба министерства туризма и спорта Бұл Қазақстан құрамасы үшін жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші медаль – бір күн бұрын шаңғышы Илья Мизерных алтын алды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»