Экономика

Қазақстан инвесторларға әрқашан қолдау көрсетеді – Тоқаев

Қазақстан инвесторларға әрқашан қолдау көрсетеді – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің инвестициялар министрі, ADQ холдингінің басқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев пен Мұхаммед әл-Сувейди екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамуына көңілдері толатынын айтып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.Президент конференция аясында Қазақстан мен ADQ және оның еншілес компаниялары арасында қол қойылған келісімдерді жоғары бағалады. Сондай-ақ екіжақты байланыстардың қазіргі динамикасын сақтауға дайын екенін мәлімдеді.Кездесу барысында Қазақстан аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі меморандумға және қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының жобасы бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюдың маңыздылығы аталып өтті.Президенттің пікірінше, AD Ports Group компаниясымен арадағы тұрақты серіктестік Ақтау және Құрық порттарын Каспий теңізіндегі басты теңіз хабына айналдыруда маңызды рөл атқарады.Сонымен қатар кездесуде Presight пен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ QazaqGaz және «Қазақстан темір жолы» компанияларының қатысуымен іске асырылатын жасанды интеллект саласындағы стратегиялық келісімдер талқыланды.Тоқаев Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет әрқашан қолдау көрсететінін айтты.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»