Республиканың экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, киіктердің саны тарихи көрсеткіштен асып кеткен.Министрлік ақбөкендер ауыл шаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелгенін алға тартты. Сол себепті ату немесе аулау арқылы киік санын реттеу қолға алынып отыр.Осы жабайы дала аңының Қазақстандағы саны туралы толығырақ инфографикадан көруге болады.Экология министрлігінің дерегінше, қазір елде 2 млн 600 мың киік бар. 2003 жылғы санақ бойынша Қазақстанда киіктің саны 21 мыңға әрең жететін. Сондықтан жануарды аулауға тыйым салынған. Ал жиырма жылдың ішінде 2 миллионға жуық артты. 300 мыңнан астам ақбөкен санын қысқарту керек.Қазақстанда киіктің үш тұқымдасы бар, олар: Бетпақдала, Үстірт және Орал тұқымдастары. Кейінгі жылдары үш тұқымдас та көбейе бастаған.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]