Алматының жастар саясаты басқармасы жастардың жұмыс іздеуіне арналған «Jobfair365″ бірыңғай платформасын іске қосты, деп хабарлайды қала әкімдігі.Сервистің көмегімен жастар бос жұмыс орындарын, тегін білім беру курстарын таба алады, сондай-ақ өзекті жаңалықтардан хабардар болады.Сайтта оқу аяқталған соң сертификат беретін қазақ және орыс тіліндегі қысқа мерзімді курстар да бар. Курстың бағытына байланысты сабақ 20-дан 30 адамға дейінгі топқа өткізіледі. Пайдаланушылар аптасына 3 рет 2-3 сағат оқиды, оқытудың теориялық бөлігі 1 айдан 1,5 айға дейін созылады.»Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген. Бүгінде 10,2 мың адам оқытылып, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды», — деп мәлімдеді әкімдіктегілер.Қызметтер тізімін https://jasalmaty.kz/ сайтынан көруге болады.Қазақстанда жұмыссыздар қандай қылмысқа жиі барады
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]