Сұхбат

Алматының жыл мұғалімі: өз стилің мен ешкімге ұқсамайтын жолың болуы керек

Алматының жыл мұғалімі: өз стилің мен ешкімге ұқсамайтын жолың болуы керек

. Жақында «Алматының жыл мұғаліміне» екі бөлмелі пәтер берілді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Амановқа пәтер кілтін табыстады.

Нұржігіт Аманов – екі баланың әкесі, жары да осы мектепте жұмыс істейді. Өзі педагог-зерттеуші. Түркістан облысы Жетісай қаласындағы Сырдария университетінде оқыған, еңбек жолын оқу орнының жастар комитетінің төрағасы ретінде бастаған.

Sputnik Қазақстан тілшісі Алматының үздік ұстазымен сұхбаттасып, еңбек жолы, байқауға ұсынған жобасы туралы сұрады.

— Жетісайдағы мектепті үздік бітірген соң Сырдария университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына грантқа түстім. Университетте белсенді болып, 3-курстан бастап жастар комитетінің төрағасы қызметін атқардым. Осылайша оқуды аяқтағанша шәкіртақы мен жалақы алып жүрдім. Үш жыл университетте жұмыс істеген соң арман қуып астанаға аттандым.

Мектепке жұмысқа тұрып, екі жыл ішінде астананың үздік жас маманы атандым, халықаралық байқауда үздік жас маман болдым. Елордада осындай табысты екі жыл өтті. 2015-2016 оқу жылында Алматыға ауысып, содан бері Қожықов атындағы №39 лицейде жұмыс істеп жатырмын.

Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне қарап бой түзеп, ұстаздық жолды таңдадым. Адамгершілік қасиетіне қарап, «міне, нағыз ұстаз» деген ой туындайтын.

© Photo : Айгерім ТаубайАлматының жыл мұғалімі — Нұржігіт АмановАлматының жыл мұғалімі — Нұржігіт Аманов© Photo : Айгерім Таубай

— Бәрінен ар-ұятын биік қоятын ұстаз – нағыз ұстаз. Өйткені алдында отырған шәкіртінің болашағына қиянат жасамай, берілген 45 минутта баланың шамшырағы жағылсын деп адал еңбек етуге жетелейтін күш – ар-ұят. Қазақ ар-ұятты бәрінен биік қояды, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп, жанын қиса да, арын сақтап қалған.

Осы жүлдені алғанша дайындық кезінде компьютердің алдында күні-түні жұмыс істеп, ұйықтамадым. Алғалы да ұйқы жоқ. Сол кезде қазіргідей уайым болмады. Осы атақты алғаннан кейін өзімнен «осыған лайықсың ба?» деп сұраймын. Лайық бола түсу үшін жоспар құрып жатырмын.

— Байқау ақпанда басталды. Ол кезде мектепішілік кезеңде алты мұғалім бәсекеге түстік. Сабақ беретін пән бойынша тест тапсырып, білім деңгейімізді біледі. Содан кейін мұғалім мен оқушысының жеткен жетістігі тексерілді. Яғни, портфолио дайындадық. Аудандық кезеңге өткенде осы екі талапқа тағы сабақ өту қосылды. Ал қалалық деңгейде қайтадан тест тапсырып, портфолио мен инновациялық жаңалығымызды таныстырдық. Ашық сабақ пен тәрбие сағатын өттік. Яғни, қалалық байқауда 5 кезең бар.

Байқау өте ауқымды болды, осы бес кезеңге дайындыққа көп энергия жұмсадық. Бұл жүлденің артында 10 жылға жуық тәжірибе мен 8 айлық еңбек жатыр. Осы сегіз айда үлкен толғаныс пен тебіреністі бастан кешірдік. Байқау барысында жан-жақтан шыңдалдық. Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. Ал ұстаз осындай байқауда шынығады.

— Байқауға авторлық New Generation деген жобамды ұсындым. Ол қазір мен жұмыс істейтін мектепте жүзеге асып жатыр. Оның мақсаты – цифрлы дәуірде рухани кемелденген тұлғаны тәрбиелеп шығу. Қазір цифрлы дәуір адамды жұтып жіберіп жатыр. Ол адам өмірінің мәніне айналған сайын, рухани мүгедектікке кетіп барамыз. Бұл жобада цифрлы кезең мен рухани білім ұштасады. Байқауда жеңіске жетуіме осындай жобаны басшылыққа алғаным себеп болды деп ойлаймын.

Қазір оқушылар арасында көркем шығарманы оқытуда қиындық бар. Ал мен ұсынған жоба соған көмектеседі. Мысалы телефоннан бас алмайтын оқушыға телефон арқылы тапсырма беремін. Бізге қазір заманына қарай адамы, адамына қарай әдіс-тәсілі деген ұстаным керек.

— Байқауға қатысу барысында еңбегіме қарай жүлдені алсам да, алмасам да таңғалмаймын дедім. Жеңіп жатсам, идеям мықты, деңгейім жетіп тұр деп ойладым. Алмасам, әлі де шынығу керек деген ойда болдым. Қатты күту, толғаныс болмады.

Бізге алдын ала кімнің жеңгенін, кім қандай орын алғанын айтпады. Бір күні марапаттау сәтіне дайындыққа бардық. 30 мұғалімнің ішінен 4 адамды шақырыпты. Содан не болса да, төрттіктің ішінде бармыз деп ішіміз жылып қалды.

Марапат табысталған күні үш байқаудың жүлдегерлері жиналды. Бізді ең соңында сахнаға шақырды. Жанымдағы әріптестерімнің атын айтып, соңында менің атады. Іштей жеңісті сезіп, алдын ала әкімнің алдында сөйлеймін деп дайындалып бардым. Тіпті сөзімді жаттап алдым. Бірақ сөз берген кезде жаттаған бір сөз есіме түспеді.

© Photo : Айгерім ТаубайНұржігіт Аманов — қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғаліміНұржігіт Аманов — қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі© Photo : Айгерім Таубай

— Иә, келіншегім және екі баламмен бірге үй жалдап тұрамыз. Әйелім де осы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, қазір декреттік демалыста.
Екі бөлмелі пәтер алу деген мен үшін үлкен қуаныш, өмірімде жеткен жетістіктің бірі болды. Күтпеген жағдай. Ең алдымен әке-шешем қуанды.

— Жетістікке жетудің кілті – еңбек. Одан бөлек білім, идея, табандылық, ұстамдылық секілді қасиеттер қажет. Өз әрекетіңнің нәтижесін бағамдап, яғни алдыңда не болатынын болжай алу керек.

Байқауға келер болсақ, өзіңе сыни көзбен қараған маңызды. Тыңдай алу керек, себебі әріптестер көмек қолын созып, ойын айтады. Жиналған барлық ақпаратты қорытып, өз идеяң пайда болады. Бұл – ұжымдық жұмыс. Мұндай жағдайда тек «менікі жақсы», «менікі дұрыс» деп қарауға болмайды. Дайындық барысында сабақ өткенімді көріп әріптестерім 1-2 әдіс-тәсіліме қатысты өз ойын айтты. Сол кісілердің айтқанын істеп, расымен де осы жолдың тиімді екенін байқадым. Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайды.

Ал жеңу үшін ешкімге ұқсамайтын жолды іздеп, қазылар алқасының көзін жарқ еткізіп, таңғалдыратын стилің болуы керек. Сол стиль арқылы жеңіске жетуге болады.

Қазір 21 ғасырды ақпарат ғасыры дейміз. Сол даму оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты өзгертіп жіберді. Жаңа арнасын қалыптастырды. Бұл мұғалімнің сабақ беру тәсіліне әсер етті. Цифрландыру «ұстаз бренді», «ұстаз стилі» деген терминді алып келе жатыр. Сабақта жаңашылдық болмаса, ол өтімді болмайды. Ал менің ұстаздық стилім – сабақты өмірмен байланыстырып, оқушылардың бойында жақсы білім қалыптастыру.

— Жоспар өте көп. «Алматыда жыл мұғалімі» болған күні жекеменшік мектептің негізін салушылар хабарласып, мектепке директор болуды ұсынды. Мен келіспедім. Ол мектеп бұрын да мұғалім ретінде шақырған. Жүлдені ала салып, кетіп қалу адамгершілікке жатпайды. Алайда келешекте осындай ұсыныстар түсіп жатса, жоқ демеймін.

Ұжымды басқару оңай емес. Қаншама адам арыз айтып келеді, оның бәрін тыңдай алуың керек. Директор болу – жауапты іс. Оған үлкен дайындық қажет.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»