Қоғам

«АрселорМиттал Теміртау» басқа шетелдік инвесторларға берілмейді – үкімет

"АрселорМиттал Теміртау" басқа шетелдік инвесторларға берілмейді – үкімет

Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындары басқа шетелдік инвесторларға беріледі деген қауесетті жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын одан кейін басқа шетелдік инвесторларға тапсыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ", — деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін үкімет «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарын Қазақстанға қайтару туралы алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған болатын.Костенко атындағы шахтадағы апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.»АрселорМиттал Теміртау» мемлекет меншігіне өтеді

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»