Елорда әуежайында жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияның ақпаратынша, соңғы уақытта Астана қаласының халықаралық әуежайында жолаушылардың шабадандарын рұқсатсыз ашып, ақша, алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттарды ұрлау фактілері жиілеген.Мәселен биыл тамызда «Астана – Стамбул» рейсінің жолаушысы ұшып келгеннен кейін шабаданынан 19 мың доллар жоғалғанын анықтады. Жол жүгінен 7 800 доллар ұрланғаны туралы шағым «Астана – Дубай» рейсінің жолаушысынан да түскен.»Осыған байланысты көлік полицейлері көлік прокуратурасымен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмыстарды жасады деген күдікпен әуе айлағында жүк тиеуші болып жұмыс істеген 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады», — делінген хабарламада.Ұсталғандар өз кінәсін мойындады. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұсқас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.Тергеу органы елордалық әуежайға қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізді.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]