Елорда тынысы

Астанада 2027 жылға дейін 80 мектеп салынады

Астанада 2027 жылға дейін 80 мектеп салынады

Астанада 2027 жылға дейін 200 мыңға жуық орынға арналға 80 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл шаралар қазіргі уақытта мектептерге түсіп жатқан шамадан тыс жүктемені реттеп қана қоймай, алдағы уақытта орын тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Сол сияқты қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.»Қала тұрғындарының өсуін ескерер болсақ, әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік артып келеді. Қазіргі оқу жылында 14 мектептің құрылысын аяқтаймыз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. 2024 жылы 22 мектеп, ал 2025-2026 жылдары тағы 20 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді есепке алмағандағы жоспар», — деді әкім орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте.Әкімнің айтуынша, 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушыға арналған 24 жайлы мектеп салынады.»Мысалы, олардың 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасады. 2027 жылға дейін 200 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) есептелген 80 мектеп салуды жоспарлап отырмыз», — деді Қасымбек.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»