Елордалық полицейлер күшейтілген режимге көшті, қаланың периметрі бойынша 7 блок бекет қойылды.»Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астарханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпосттар қойылды. Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады», — делінген Астана қалалық полиция хабарламасында.Бұл шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қабылданып отыр.Айта кетейік, 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.Ал 2 қарашада Астана қаласына Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды.3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммиті өтеді.Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.Келесі аптада Қазақстанға бірнеше елдің президенті келеді
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]