Елорда тынысы

Астаналық кәсіпкерлерге 2,3 млн теңге қайтарылды

Астаналық кәсіпкерлерге 2,3 млн теңге қайтарылды

Прокурорлардың тексерісінен кейін елорданың 75 кәсіпкеріне 2,3 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша медициналық мекемелер 75 бизнес субъектісіне 2,3 млн теңгеден астам сомаға кепілдіктерді қайтармағаны анықталды.Мемлекеттік сатып алу туралы заңның нормаларына сәйкес, тапсырыс беруші жеткізушіге кепілдік төлемді өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісімшарт сомасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»