Атырауда тұрғын үйлердің бірінде газ ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Салдарынан бес адам жансақтау бөліміне түсті. Барлығы – бір отбасының мүшелері. Оқиға 2 қаңтарда болған.»Көкнәр ауылы Көкарна көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар газ ауа қоспасы жарылғанын анықтады. Салдарынан 140 шаршы метр тұрғын үй өртенген», — дейді ведомство.Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]