Қоғам

Ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-пен 42 млрд теңге микрокредит берілді

Ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-пен 42 млрд теңге микрокредит берілді

«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарына 42 млрд теңге сомасына 7429 шағын несие берілді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Үкімет аппараты жанындағы «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесінің кезекті отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен жобаның орындалу барысы қаралды.»Мәселен, осы жылдың 13 қыркүйегінде 1388 ауылдық округті қамтитын 42 млрд теңге сомасына 7429 шағын несие берілді. Оның 85%-і мал шаруашылығы саласына (35,8 млрд теңге), 7%-і өсімдік шаруашылығына (2,8 млрд теңге), 5%-і кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға және 2,6%-і басқа бағыттарға (1,1 млрд теңге) берілген», — делінген хабарламада.Микрокредит жылдық 2,5%-пен 5-7 жыл мерзімге беріледі.Вице-премьер жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлерге облыс, аудан, ауылдық округ деңгейінде жобалық кеңселер құру, цифрлық платформаны әзірлеу процесін жеделдету жөнінде тапсырма берді.Барлық деңгейдегі әкімдіктерге жыл соңына дейін ауылдық округтерге скрининг жүргізу, олардың экономикалық мамандануын айқындау, сондай-ақ ауылдық кооперативтер құру жұмысын жандандыру тапсырылды.Сондай-ақ Жамбыл және Ақтөбе облыстарының оң тәжірибесі ұсынылды. Олар жобаны іске қосу алгоритмінен бастап, ауылдық округтерге скрининг жүргізу, ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу тізбегін ұйымдастыру үдерісін реттей алған.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»