Қоғам

Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдіктіні Швециядан экстрадициялады

Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдіктіні Швециядан экстрадициялады

Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадициялады.Бас прокуратураның ақпаратынша, 2019 жылы тамыз айында Алматыда өздерін ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауапқа тартамыз деген желеумен 30 мың доллар ақша жымқырмақ болған.Оларды ұстау кезінде біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.»Кейіннен Қазақстан тарапының өтінішімен оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады. Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді», — делінген хабарламада.Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Осы қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Бас прокуратура қаржы пирамидасының басшысын Украинадан экстрадициялады

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»