Сұхбат

Берік Уәли президент сұхбатты неге мемлекеттік тілде бермегенін түсіндірді

Берік Уәли президент сұхбатты неге мемлекеттік тілде бермегенін түсіндірді

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатты неліктен мемлекеттік тілде бермегенін түсіндірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі Іnstagram парақшасында жазды. 

«Республикалық телеарналардан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Осыған байланысты Президент неге мемлекеттік емес, орыс тілінде сұхбат береді деген сауалдар келіп түсіп жатыр. Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған», — деп жазды ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға әлемдік қоғамдастық қызығушылық тудырып отыр.»Сондықтан тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сұхбаттың мейлінше кең таралуын көздедік. Қаңтар айында шетелдік (Ресей, Еуропа, АҚШ) ірі бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысының атына сұхбат беру жөнінде көп өтініш түсті. Алайда президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты біз тек «Хабар24″ телеарнасымен ғана шектелуді жөн көрдік. Отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады», — деді Берік Уәли.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»