2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды. Осылайша айлығы төмен 1,8 млн қызметкердің кірісі өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2024 жылы кімдердің жалақысы өседі
Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін көтерілді.Нәтижесінде айлығы төмен жалдамалы қызметкерлердің табысы өседі. Дәлірек айтқанда, бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.© Sputnik2024 жылғы ең төменгі жалақы мен зейнетақы2024 жылғы ең төменгі жалақы мен зейнетақы© SputnikСондай-ақ жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті.
Айлық есептік көрсеткіш
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге.Былтыр 1 АЕК мөлшері 3 450 теңге болатын.Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Яғни, АЕК өссе, жәрдемақылар мен айыппұлдар да артады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі
Биыл базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңге болып бекітілді.Айта кетері, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і кедейлік шегі деп саналады. Егер адамның табысы күнкөріс деңгейінің 70 процентінен аспаса, онда ол кедейлік шегінде өмір сүреді.2024 жыл: Ұлу жылы қандай болады