Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дағы астана тұрғындары мен басқа елді мекендер тұрғындарының арақатынасы туралы мәліметтерді жариялады.Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу ең көп қоныстанған қала болып шықты — онда 13,1 миллион адам тұрады. Үшінші орында 1,35 миллион халқы бар Астана тұр. Бес астананың ішінде ең аз халық Ереванда тұрады – 1,099 миллион адам.Қазақстанда барлығы 19,77 миллион адам тұрады. Бұл ретте елордадағы халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 1699,6 адамды құрайды, Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 7,3 адамды құрайды.ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің барлығында бүкіл ел бойынша халықтың тығыздығы жоғары. Арменияда бір шаршы метрге 100 адам, Беларусьте – 44, Қырғызстанда – 35 және Ресейде – 8,6.Орта есеппен ЕАЭО-да ерлердің үлесі 46,9% және әйелде 53,1%-ды құрайды, ал халықтың орташа жасы Қырғызстанда 28 жастан Беларусьте 41 жасқа дейін екені анықталды.ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]