Астанада көпқабатты тұрғын үйде пәтерден өрт шықты.Төтенше жағдай 25 шілде түсте болған. Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен. 30 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталды.»Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 16.28-де оқшауланып, 16.44-те сөндірілді. Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден үй иесі – 1996 жылғы ер адамды құтқарды», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]