Жамбыл облысында теміржолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.»Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы жағдай 21 қаңтарда таңғы сағат 07:27 кезінде Жиделі-Бірлік учаскесінде болған.»Шығанақ-Шу учаскесіне жақын маңда екі теміржолшы қайғылы жағдайға ұшырады. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды», — деп хабарлады ҚТЖ.Компания қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]