Жамбыл облысының Аспара станциясындағы жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі.Компанияның мәліметінше, 17 шілде сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондары жолдан шығып кеткен.Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.»Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр», — делінген компания хабарламасында.Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында арнайы комиссиясы құрылды.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]