Түнгі сағат 01:00-ден бастап Алматыда жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-еуі ауруханаға жатқызылды, 5-еуі амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.Қазіргі уақытта қалада 13 мыңнан астам адам мен 4 мыңға жуық техниканы құрайтын күштер мен құралдар тобы құрылды. Ауқымды төтенше жағдай болған жағдайда бұл топ дереу жұмылдырылады. Алдымен ол біртіндеп жұмыс істейді. Басқа өңірлерден келетін үш эшелон құрылды. Онда 50 мыңнан астам адам мен 10 мың техника бар, деп түсіндірді Алматы төтенше жағдайлар департаменті.?share-img=41755314″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Sputnik Қазақстан тілшілерінің хабарлауынша, бүгін Алматы көшелерінде адам көп емес, жолдарда көлік кептелісі жоқ. Алайда түнде қаладан кеткен тұрғындардың көбі мегаполиске оралуға асықпайды.
?share-img=41755296″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жер сілкінісінен қауіптеніп, алматылықтарды қауіпсіз жерлерде болуға шақырды. Суретте: түнгі жер сілкінісінен кейінгі Алматы.
?share-img=41755425″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Суретте: түнгі жер сілкінісінен кейінгі Алматы.
?share-img=41755317″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
"112" құтқару қызметінен ескерту хабарламасы келмеген.
?share-img=41755330″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
?share-img=41755341″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1. Магнитудасы – MPV 6.7. Ошақ тереңдігі 65 шақырымды құрайды.
?share-img=41755324″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Сезілу бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 4 балл.
?share-img=41752084″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
?share-img=41752086″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Кейін жер сілкінісі туралы ресми есепке өзгерістер енгізіліп, сезілу деңгейі 5 балға дейін көтерілді. Суретте: қабылдау пунктеріне келген алматылықтар. Бостандық ауданы, № 93 мектеп, №191 эвакуациялық қабылдау пункті.
?share-img=41752088″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Алматыда жер сілкінісі кезінде адамдар көшеге жүгіріп шықты, 2024 жылдың 23 қаңтары.
?share-img=41748343″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Дер кезінде ақпарат берілмеген және нақты іс-әрекет бойынша нұсқау алмаған алматылықтар дүрлікті. Кейбіреулер 2-ші және 3-ші қабаттан секіріп, жарақат алған.