Елорда тынысы

Мемлекеттік сатып алу саласында 3,9 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды

Мемлекеттік сатып алу саласында 3,9 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды

Елорда прокурорлары талдау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, елордалық мемлекеттік мекемелер міндетті тендерді өткізбестен, таңдалған жеткізушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Тексеріс барысында осындай 23 факті анықталды.Бұған қоса мемлекеттік мекемелер әлеуетті қатысушылардың санын шектеп, жұмыстарды лоттарға бөлмей, олардың біртекті түрлері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарын заңсыз түрде күрделендіріп, нәтижесінде конкурсқа көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін көрсетпей, сондай-ақ қаржы жылынан асатын мерзімге шарт жасасуға тырысқан.Бұдан басқа, жауапсыз мердігерлерден айыппұл өндіріп алу жұмысы жүргізілмегені анықталды. Прокуратура органдары тарапынан қадағалау актілерінің арқасында мемлекет кірісіне 26 млн теңге өндірілді.»Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша 3,9 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алу қорытындылары жойылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, барлық мемлекеттік ұйымға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді», — делінген хабарламада.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»