Қазақ-қытай шекарасындағы өткізу пунктері бірнеше күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.»Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде адамдарды, көліктер мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды», — делінген хабарламада.Бірақ қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.Комитет тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден демалыс күндерін ескеріп, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұрады.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]