Спoрт

Қазақстан футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім берді

Қазақстан футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім берді

Футболдан 19 жасқа дейінгі 2026-2027 жылғы Еуропа чемпионатын Алматы мен Шымкентте өткізуге өтінім берілді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.»Қазақстан футбол федерациясы мен ФИФА, УЕФА арасындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. 2022 жылы УЕФА Алматыда 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2022-20223 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтарын өткізуді Қазақстанға сеніп тапсырды. Бұл біздің халықаралық іс-шараларды сапалы ұйымдастыруға қабілетті екенімізді дәлелдейді», — деді Барменқұлов.Ол сондай-ақ алдағы уақытта футболдан Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін екенін айтты.»Біз әлемдік футбол аренасында өз позициямызды нығайтуға белсенді түрде ұмтылудамыз. Футболдан 19 жасқа дейінгі 2026-2027 жылғы Еуропа чемпионатын Алматы мен Шымкентте өткізуге өтінім берілді. Бұл сұрақтың жауабы осы жылдың қыркүйек айында белгілі болады деп күтілуде», — деді федерация басшысы.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»