Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев көмір экспортын шектеу бойынша шаралар әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол қазір көмірді елден автокөлікпен әкетуге шектеу енгізілгенін атап өтті.»Қазіргі таңда біз көмір экспортын шектеу бойынша шаралар әзірлеп жатырмыз», — деді Шарлапаев үкіметте өткен брифингте.Министр шектеу шаралары не үшін қажет екенін түсіндірді.»Бізде төмен бағамен сатылатын әлеуметтік көмір бар. Өкінішке қарай, сол әлеуметтік көмірді арзанға сатып алып, елден шығарып, сыртқа экспорттық бағамен сатқандар болды. Сондықтан халықты коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық қажеттіліктерге, үй шаруашылықтарына арналған көмірмен барынша қамтамасыз ету үшін біз көмір шығаруды шектеу бойынша шаралар енгізуге мәжбүрміз», — дейді ведомство басшысы.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]