Қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар арасында биылғы қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша 30,1 мың жұмыссыз бар. Бұл былтырғыдан 5,1%-ке аз, деп хабарлайды Ranking.kz.Соның ішінде 5,5 мың азамат теріс қылық, ал қалған 24,6 мыңы қылмыс жасаған.Осы 24,6 мың адамның 10,7 мыңы орташа ауырлықтағы қылмыс, 8 мыңы – ауыр қылмыс, 5 мыңы – онша ауыр емес қылмыс, 959-ы аса ауыр қылмыс жасаған.»Заңды бұзатын жұмыссыздардың саны жылдан жылға азайып келеді. Мәселен 2022 жылы бұл көрсеткіш 3,6%-ке, 31,7 мың адамға, 2021 жылы — 21,8%-ке, 32,9 мың адамға, 2020 жылы — 22,8%-ке, 42,1 мың адамға, 2019 жылы — 6,5%-ке, 54,5 мың адамға дейін төмендеді», — делінген хабарламада.Өңірлер бойынша қылмыс жасаған жұмыссыздардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді: 5 мың адам — былтырғыдан бірден 27%-ке көп.Одан кейін Астана (3 мың адам, 5,8%-ке көбейген) және Алматы облысы (2,4 мың, 40,7%-ке азайған) тұр.Ең төменгі көрсеткіш – Ұлытау (239 адам), Абай (710 адам) және Қызылорда (781 адам) облыстарында.Жұмыссыздардың 35,1%-і ұрлық жасағаны үшін ұсталған: 10,6 мың адам — былтырғыдан 8,3%-ке аз.Сондай-ақ жұмыссыздар арасында ең «танымал» құқықбұзушылық түрлерінің ішінде алаяқтық (3,7 мың адам, 13,9% көбейген), ұсақ ұрлық (3,1 мың адам, 7,1% азайған), есірткінің заңсыз айналымы (1,6 мың адам, 6,9% азайған) және жол қозғалысы немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу (1,2 мың адам, 8,4% көбейген) бар.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]