Қоғам

«ҚазАвтоЖол» филиалы бекіткен келісімнен кейін қылмыстық іс қозғалды

"ҚазАвтоЖол" филиалы бекіткен келісімнен кейін қылмыстық іс қозғалды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Ақмола облыстық филиалы тендер өткізбей, 2,3 миллиард теңгеге ірі келісімшарт бекіткен. Заңбұзушылықты Көкшетау көлік прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратура.»ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты жағдайда тұрғанын желеу етіп, конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасқан.Осы мәміле бойынша 2,3 млрд теңгеге республикалық маңызы бар «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолына күрделі жөндеу және жаңа көпір салу жоспарланған.»Алайда көпір шұғыл араласуды қажет ететін жағдайда болмаған. Бәсекелестік процедураларды өткізуге кедергі келтіретін басқа да күш пен технологиялық бұзушылықтар анықталмады», — деп хабарлайды Бас прокуратура.Бекітілген келісім аясында филиал мердігердің шотына 200 млн теңге аванс аударған, алайда жұмыс мүлде басталмаған.Осы жағдайлардың барлығы аудиторлардың қорытындысымен расталды. Бірақ мердігер онымен келіспей, сотқа шағымданды.Сот істі қарау нәтижесінде ішкі аудиттің қорытындысын (есебін) жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты. Сот актісі 2023 жылғы 23 тамызда күшіне енді.Филиалдың лауазымды тұлғаларының әрекетіне құқықтық баға беру үшін Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемденгені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.ҚазАвтоЖол екі облысты байланыстыратын «мінсіз» жолдың видеосын көрсетті

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»