Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен 5 қазан күні бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.»Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтады, бопсалады, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырды және өзге де ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен қылмыстық топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді», — делінген хабарламада.ҰҚК ақпаратынша, қылмыстық топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.Тінту барысында оқ-дәрімен қоса атыс қаруы, ірі сомада ақша, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]