Дзюдошы Абиба Әбужақынова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.48 кг дейінгі салмақта күш сынасатын отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енгті жеңді. Абиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея палуанын ұтты.Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге есе жіберіп қойды. Ли Харим 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды. Енді ол қола медаль үшін күресетін палуанды күтеді.Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 кг) қола медаль үшін таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.Ал Ұлттық құрама спортшысы Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан палуанын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысының мықты екенін мойындады.Азиада-2023: қазақстандық спортшы бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]