Фотo

Алматыдағы жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады – фото

Алматылық көлік жүргізушілері әкімдікке шағымданып жатыр. Мегаполистегі көлік қозғалысы кең ауқымдағы жол жұмыстарымен айтарлықтай қиындады, ал жаздың аптап ыстығында кептелісте сағаттап тұрудан бас айналады!Sputnik Қазақстан тілшісі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде болып, бұл «қазу жұмыстары» қашан аяқталатынын анықтап білуге тырысты. Жол жөндеу жұмыстары туралы толығырақ суреттер топтамасынан тамашалаңыздар!© Sputnik/Ертай Сарбасов

Әдеттегідей екі жаңалық бар: жаман және жақсы: біріншісі, оңтүстік астананың жолдары жаз бойы жөнделеді (!) Екіншісі, қазір біршама шыдамдылық танытса, бұл жолдар ондаған жыл бойы адамдар игілігіне қызмет етеді. Себебі олар жаңа технологиялар арқылы қалпына келтіріліп жатыр. Қала басшылығы осылай уәде берді.

1/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Нақтырақ айтсақ, барлық негізгі көшелерді жөндеуді оқу жылының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Шағын, аудандық маңызы бар көшелерде жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

2/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Нақтырақ айтсақ, барлық негізгі көшелерді жөндеуді оқу жылының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Шағын, аудандық маңызы бар көшелерде жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Жалпы биыл Алматы әкімдігі ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізбек.

3/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Жалпы биыл Алматы әкімдігі ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізбек.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Бұрын мегаполистегі жолдарды жөндеу үшін битум пайдаланылды. Бірақ Алматының аптап ыстығында ол еріп, жолдар толқын іспеттес болып қала берді. Сондықтан жолдарға жиі жөндеу қажет болды. Биыл жаңа технологияларды қолдануды жөн көрген.

4/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Бұрын мегаполистегі жолдарды жөндеу үшін битум пайдаланылды. Бірақ Алматының аптап ыстығында ол еріп, жолдар толқын іспеттес болып қала берді. Сондықтан жолдарға жиі жөндеу қажет болды. Биыл жаңа технологияларды қолдануды жөн көрген.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Асфальт бетондағы битумның қызметін желіммен салыстыруға болады. Оның жабысқақ қасиеттерін жақсарту үшін Алматыда пилоттық форматта асфальт бетон құрамындағы полимерлерді қолдана бастады. Алматыда жазда асфальт бетон 60-63С-қа дейін қызады, ал битум 47-50С температурада жұмсара бастайды. Полимерлерді енгізу жұмсарту температурасын 65-70С-қа дейін арттырады.

5/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Қозғалыс қарқыны жоғары және климаты күрт құбылмалы әлем қалаларының тәжірибесін зерделегеннен кейін Алматыда асфальт бетон қоспаларының құрамында полимерлерді қолдану туралы шешім қабылданды.

6/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Қозғалыс қарқыны жоғары және климаты күрт құбылмалы әлем қалаларының тәжірибесін зерделегеннен кейін Алматыда асфальт бетон қоспаларының құрамында полимерлерді қолдану туралы шешім қабылданды.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Қазір Алматыда Әл-Фараби, Тілендиев, Байзақов, Абай, Тұрғыт Озал, Сайын, Төле би, Шаляпин, Манас, Қалдаяқов, Құрманғазы, Жұмалиев, Шағабутдинов, Досмұхамедов, Түркебаев сияқты 15 негізгі тас жол жабылды. Олардың жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайды және соңғы рет 2008-2015 жылдары күрделі жөндеуден өткен.

7/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Регламентке сәйкес, Алматы қаласының жол-климаттық аймағын ескере отырып, орташа жөндеуден кейін жол төсемінің қызмет ету мерзімі 5 жылды құрайды. Полимерлерді қолдану асфальттың тозуға төзімділігін арттырады және оның қызмет ету мерзімін 5 жылдан 8-10 жылға дейін ұлғайтады.

8/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Қала билігі жолдардың күндіз-түні жабылу себебін түсіндірді. Жаңа технологиялар осыны талап етеді, жолдың сапасы осыған байланысты. Асфальт бетонның көптеген түрі үшін қажетті құрылымды, қаттылықты және беріктікті түзу үшін белгілі бір уақыт қажет. Полимерлері бар қоспалардың қатаю уақыты орта есеппен 36 сағатты құрайды.

9/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Асфальт бетон жабыны тұрақты болып, жақсы нәтиже көрсетуі үшін көлік қозғалысын бөгеу керек. Сонда асфальт бетон жабынының қажетті қасиеттерін бекіту үшін ол салқындатылады. Жолды ертерек ашып, көліктердің жүруіне рұқсат етуге болады, бірақ одан кейін асфальттың ұзақ қызмет көрсетуі үшін қажетті қасиеттер сақталмайды.

10/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Полимерлі асфальт бетонды төсеу кезінде оның температурасы 150-160 градусты құрайды. Оны төсеп, тығыздағаннан кейін қоспа 130-140 градусқа дейін салқындатылады. Бірақ бұл кезде битум әлі де тұтқыр күйде болады. Сондықтан қиыршық тастан тұратын қоспаның қаңқасы автомобиль дөңгелектерінің әсерінен ығысуы мүмкін. Қажетті беріктікке жету үшін қоспаны 40 градусқа дейін салқындату керек, дейді мамандар.

11/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Егер бүкіл технологиялық процесс орындалмаса және қоспаның салқындауы жағдай жасалмаса, онда барлық жұмыс зая кетті деуге болады. Осы себепті әкімдік алматылықтардан жолдардағы мәжбүрлі уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінді.

12/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Егер бүкіл технологиялық процесс орындалмаса және қоспаның салқындауы жағдай жасалмаса, онда барлық жұмыс зая кетті деуге болады. Осы себепті әкімдік алматылықтардан жолдардағы мәжбүрлі уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінді.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Жалпы бұл кептелістер жолды жөндеуге ғана қатысты емес. Жолдармен бірге жылу және сумен жабдықтау желілерін, сондай-ақ су бұру желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

13/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Жалпы бұл кептелістер жолды жөндеуге ғана қатысты емес. Жолдармен бірге жылу және сумен жабдықтау желілерін, сондай-ақ су бұру желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Алматы қалалық мобильділік басқармасы бұған дейін мегаполистің бірқатар ауданында жөндеу жұмыстары мен асфальт бетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты алдағы күндері жол қозғалысы қиындауы мүмкін екені туралы көлік жүргізушілерін ескерткен болатын.

14/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Алматы қалалық мобильділік басқармасы бұған дейін мегаполистің бірқатар ауданында жөндеу жұмыстары мен асфальт бетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты алдағы күндері жол қозғалысы қиындауы мүмкін екені туралы көлік жүргізушілерін ескерткен болатын.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Билік уақытша келтілірген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

15/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Билік уақытша келтілірген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Жол кептелісіне тап болмас үшін алматылықтарға өз жол жүру бағдарын ертерек ойластыруға кеңес берді.

16/16© Sputnik/Ертай Сарбасов

Жол кептелісіне тап болмас үшін алматылықтарға өз жол жүру бағдарын ертерек ойластыруға кеңес берді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»