Қоғам

Астанада құрылыс компанияларының басшылары ұсталды

Астанада құрылыс компанияларының басшылары ұсталды

Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен құрылыс салушылар ұсталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура. Астана қаласы прокуратурасының нұсқауымен полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» тұрғын үй кешендері үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тапсырылды.Анықталғандай, үлескерлерден 4 млрд теңгеден астам ақша тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалған. Құрылыс 2022 жылғы 4-ші тоқсанда аяқталуға тиіс болған, бірақ мерзімінде салынып бітпеген.»Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-тергеу тобы құрылды», — делінген хабарламада.Қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»