Астананың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемей, салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.»Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» алдына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды. Олардың қатарында коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б. бар», — делінген әкімдіктің хабарламасында.Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылы жер үсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Мәселен осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілген болатын.Еске сала кетейік, 6 тамыз күні Астанада толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан елорда көшелерін су басқан болатын. Көшелерді жаңбыр суынан тазартуға 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]