Қоғам

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу бастады

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу бастады

Қаңтар оқиғасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

"Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғасы" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", — делінген хабарламада.

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етілмейді.Қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалды шешім қабылданады.Айта кетері, Самат Әбіш – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. 2015 жылдан бастап қаңтар оқиғасына дейін, яғни 2022 жылдың қаңтарына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталды. Артынша оларға сот үкімі шықты. Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.Ал Мәсімовтің орынбасары болған Самат Әбіш қызметінен босатылды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған жоқ.Самат Әбіш неге қамауға алынбады – бас прокурор себебін айтты

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»