Қоғам

Еліміздің солтүстігі мен шығысында жылу мерзімінен ерте берілуі мүмкін

Еліміздің солтүстігі мен шығысында жылу мерзімінен ерте берілуі мүмкін

Премьер-министр Әлихан Смайылов ауа райына байланысты солтүстік пен шығыс өңірлерге жылу ерте берілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.»Жылу беру маусымының басталуына өте аз уақыт қалды. Солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы ауа райына байланысты мерзімінен ерте басталуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар. Бірақ кейбір жылу көздерін жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалуы мүмкін», — дейді Смайылов үкімет отырысында.Айтуынша, Теміртау қаласының 2-ші Жылу электр орталығында №4-ші қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін ұзартылған.Жезқазған ЖЭО-да №4 қазандықты жоспарлы жөндеу әлі аяқталған жоқ, ал №9 қазандықта жұмыстардың небәрі 4%-і орындалған.Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр.»Жылу маусымының басында қазандықтарға түсетін жүктеме төмен болатынын ескерсек, бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеуі керек. Аталған өңір әкімдері энергетика министрлігімен бірге жөндеу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізіп, алдағы маусымда қажетті жылу беруді қамтамасыз етуге тиіс», — деді премьер-министр.Сондай-ақ Смайылов МАЭК-те №3 энергоблокты жоспарланған күрделі жөндеу 2024 жылға ауыстырылғанын атап өтті, бүгінде №2 энергоблокты авариялық жөндеу жүргізілуде.Үкімет басшысы өңір әкімдігіне жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен кәсіпорынның тұрақты жұмысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»