Спoрт

Эльмир Әлімжанов семсерлесуден Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды

Эльмир Әлімжанов семсерлесуден Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасының спрортшысы Эльмир Әлімжанов семсерлесуден 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитеті.Әлімжанов Ханчжоуда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Бұл жетістігі оның қанжығасына қола медальді байлады.Отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Коки Канодан жеңіліп қалды.Қазақстан қоржынында қазір тоғыз медаль бар екенін айта кетейік. Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оқ атудан команда мүшелері екінші орын иеленді. Дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан, Эсмигүл Куюлова, мерген Никита Чирюкин, пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жүлдені қанжығасына байлады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»