Жетісу облысында КамАз жүк көлігі мен электр пойызы соқтығысты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.Оқиға 24 шілдеде сағат 10:50-де болған. Қала маңына жүретін электр пойызы мен КамАз соқтығысқан.»Бескөл — Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде КамАз автокөлігінің жүргізушісі электр пойызымен соқтығысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», — дейді ведомство.Компания мамандарының айтуынша, оқиғаға КамАз жүргізушісі себепкер болған.Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]