Оқиға

Петропавлда түнде екі жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Петропавлда түнде екі жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Петропавл қаласында автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.Қайғылы оқиға 13 шілде сағат 00:10 шамасында Қожаберген жырау көшесінде болған.ВАЗ 2114 автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол бөлігіне белгісіз жерден шыққан жаяу жүргіншіні басып кетті. Салдарынан 19 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.Сол түні сағат 00:30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған Hyundai H350 жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты. Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер зардап шекті, ол медициналық мекемеге жатқызылды.Ал 37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері оны ұстады.Бұл фактілер ҚК 345-бабы 3-бөлігі және 345-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды. Полиция қажетті сараптамаларды жасау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр.Ақтөбе облысында төрт адам жол апатынан қаза тапты

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»