Спoрт

ШЫҰ елдерінің спорттық ойындары өткізіледі

ШЫҰ елдерінің спорттық ойындары өткізіледі

Ресей спорт министрі Олег Матыцин Қазақстанның елшісі Дәурен Абаевпен кездесуінде ШЫҰ спорттық ойындарын өткізу идеясын бірлесіп қолға алуды ұсынды, деп хабарлады РФ Спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 2024 жылы Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етеді.

"Біз ШЫҰ аясындағы спорттық ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне сенімдіміз. Ресей осы алаңда бірқатар бастама көтеріп үлгерді. Біздің қазақстандық достарымыз өздерінің төрағалығы аясында ШЫҰ-дағы спортты дамыту іс-шараларын қолдайды деп үміттенемін. Өз тарапымнан барынша көмек көрсетуге дайынмын", – деді Олег Матыцин.

Сонымен қатар Матицын қазақстандық спортшыларды 2024 жылы Ресейде өтетін барлық ашық спорттық іс-шараға, соның ішінде Қазандағы Болашақ ойындары мен БРИКС ойындарына, Мәскеу мен Екатеринбургтегі Достық ойындарына қатысуға шақырды.»Біз тікелей диалогқа ашықпыз және Қазақстан спортшыларын Ресейде өтетін барлық халықаралық спорттық іс-шараға шақырамыз», — деді ол.Тараптар 2024-2026 жылдарға арналған екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықты дамытудың Спорттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жандандыруға келісті. Матицын Қазақстан делегациясын 2023 жылдың қазан айында өтетін «Ресей – спорт державасы» халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»