Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының құтқарушыларынан ведомство басшысына ақша жиналғанын жоққа шығарды.ТЖМ Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан төтенше жағдайлар министріне ақша жиналғаны туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.»Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатушылықты іске асыру», — деп мәлімдеді ТЖ министрлігі.Ведомство атап өткендей, 2022 жылы Зуялхан Гасанов жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған. Ол қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес, биыл мамыр айында теріс себептермен жұмыстан шығарылған.»Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖ министрлігіне жүгінді, бірақ тексеріс нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады. Осыған қарамастан өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізіледі», — деп сендірді министрліктегілер.Ведомство министрліктің барлық қызметкері үшін «WhatsApp» мессенджерінде төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейтінін, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалармен жүгінуге болатынын атап өтті. Өтініштің құпиялылығы сақталады.Әлеуметтік желіде Түркістан облысының құтқарушыларынан төтенше жағдайлар министрі үшін лауазымына қарай 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін ақша жиналғаны хабарланған болатын.
Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]